Л.Толстой атындағы әмбебап кітапханасында 2031 әскери бөлімінің мемлекеттік тіл үйренушілерінің арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты байқау өтті

2018 жылдың 6 қыркүйегінде Л.Толстой атындағы әмбебап кітапханасында А.Байтұрсыновтың 146 жылдығына орай 2031 әскери бөлімінің мемлекеттік тіл үйренушілерінің арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты байқау өтті.

«Южный» қалалық кітапханасының қабырғасында «Ахмет Байтұрсыновтың тілтанымдық мұрасы» атты портрет-кеші өтті

2018 жылғы 6 қыркүйекте «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ «Южный» ҚБ  кітапханасында Ахмет Байтұрсыновтың 146-жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсыновтың тілтанымдық мұрасы» атты портрет-кеші өтті.

«QOSTANAI» телеарнасының таңғы ақпаратты-сазды «Тобыл таңы» бағдарламасындағы интервью

2018 жылғы 7 қыркүйекте  «QOSTANAI» телеарнасының таңғы ақпаратты-сазды «Тобыл таңы» бағдарламасында «Тілдарын» тілдерді оқыту облыстық орталығының оқытушысы Б.Жұматай оқытушылар арасында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау жайында сөз сөйледі.

Мемлекеттік тіл оқыту бойынша пилоттық жоба басталды

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы базасында 2018 жылғы 27 тамызда басқарма және департамент басшылары үшін (пилоттық жоба ретінде) бір күндік мемлекеттік Подробнее

АМАНГЕЛДІ ЖӘНЕ ЖАНГЕЛДІ АУДАНДАРЫНДА «ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ» БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР

2018 жылғы 23-24 тамызда Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен Амангелді, Жангелді аудандарында «Тілдерді оқыту орталықтарына әдістемелік көмек көрсету» көшпелі семинар өткізілді. Аталған көшпелі семинарға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Қ.Ербатырова қатысып, «Облыстағы тілдерді оқыту орталықтары туралы» тақырыбында Подробнее

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы міндеттерін, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдардың (ведомствоға бағынышты ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың)процестерін, оның ішінде халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды бағыттарының бірі болып анықталған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2018 жылғы 7 маусымда Қостанай  облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үшін «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Нұрмағамбетова «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізілгенін таныстыру мақсатында Подробнее

2018 жылдың 04 маусымда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ашық сабақ өтті

2018 жылдың 04 маусымда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай орталықтың оқытушысы Ә.Түгелбаева «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты ашық сабақ өткізді.