Мемлекеттік тілдегі өлеңдер

Отан. Ел

Ел мен елдің түбі бір, ер мен ердің тілегі бір.

Аздың атасы бір, көптің батасы бір.
Жігіт – күйеу
Отау үй – оңаша бас.

Бай болатын жігіт айырбасшыл келеді,
Адам болатын жігіт ағайыншыл келеді.

Ердің ері – егеудің сынығы.


Қыз – қалыңдық

Апамды кім алса, жездем – сол.

Қыз өсірдім, бой жетті, еріне кетті.
Ұл өсірдім ер жетті, үйіне кетті.

Қызды таныс алады,
Таныс алмаса, қоныс алады.

Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді.

Жыршы қызға сыршы күйеу.


Жақсы – жаман

Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді,
Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді.

Арғымақ аттың құйрығы әрі жібек, әрі қыл,
Ер жігіттің белгісі әрі мырза, әрі құл.

Жақсы жаныңа жолдас,
Жаман малыңа жолдас.

Жақсының жасын сұрама, жүйріктің аузын ашпа.

Жеңім жаман болса да, жағам жақсы,
Өзім жаман болсам да, ағам жақсы.

Бетім жаман болса да, ниетім жақсы.


Ауылдас – көрші

Ауылдасың жақсы болса, ағайының не керек,
Алған жарың жақсы болса, артық тойың не керек.

Сабан бол, шөп бол, шамаң келсе көп бол.


Хан – би

Ата-бабасы би болған, дәстүрінше іс қылған.
Арызға келсе алдына ишаратпен тыңдаған.
Үлкен адам келгенде менменсініп тұрмаған.

Хан қасында уәзірі көреген болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.

                                                                   


Ата-ана – бала

Алты ұл таппай ана болмайды,
Бес ұл таппай белгілі әйел болмайды.

Артында қызы қалғанның ізі қалғаны,
Ұлы қалғанның өзі қалғаны.

Бойдақты ұлым бар деме,
Бұқаны малым бар деме.

Жалғыз ұлы бардың шығар-шықпас жаны бар.

Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы,
Балаң жаман болса жердің асты жақсы.

Балам – балым, баламның баласы – жаным.

Үйің үй-ақ екен, ішінде ойнайтын баласы болса.
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

Ұстаз үйретпегенді мұқтаж үйретеді.

Үйі қисық ағашынан көреді,
Баласы жаман нағашысынан көреді.

Есті бала ұяттан қорқады,
Ессіз бала таяқтан қорқады.

Тасты жерде егін болмас,
Текті бала тегін болмас.

Аңсайтын бір сәттер бар жылға бермес,
Ақ маңдайлы қыздар бар ұлға бермес,
Сұр жебедей мәтел бар жырға бермес.

Ұлың жаман болса, сабы сынық балтадай,
Қызың жаман болса, түбі тесік қалтадай.


Ағайын-туыс

Ағаның үйі ақ – жайлау, әкенің үйі кең жайлау.

Жақыныңды жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін.

Кеңесті жерде кемдік жоқ,
Кеңессіз жерде теңдік жоқ.

Тіріде сыйласпаған, өлгенде жыласпайды.

Шықсақ төбеміз бір болсын,
Жатсақ көріміз бір болсын.

Ағайының бай болса, асағаның май болар.
Сәйгүлігің сай болса, шапқан жерің ой болар.

                                                                               


Ас-ауқат

Асты көрсең қадір тұт, досты көрсең құрмет тұт.

Бірді бөліп жеген, жартыны жарып жеген.

Досыңның асын қасыңдай іш.

Есек мінген ат сұрамайды, балық жеген ет сұрамайды

Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды.
Жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды.

Көже көзіңе айтайын, сорпадан садаға кет.

Өкпе бер , бауыр бер, сыбағамды тәуір бер.

Тойған үйге тоғыз бар.

Қойдың басы құданың асы.


Сөз өнері

Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

Жақсының сөзі диірменнен шыққандай.

Жыламасқа жылаған екі көзім, тыңдамасқа айтылған есіл сөзім.

Көп сөз – бос сөз, аз сөз – рас сөз.

Орынды айтылған сөз – орнына қағылған шеге.

Сөздің жайлауы да болады, байлауы да болады,
Жайлаусыз сөз өріс алмайды, байлаусыз сөз есте қалмайды.

Сөйлей білген бір жақсы,
Істей білген он жақсы.
Тігілмеген ішіктен қолыңда бар тон жақсы.

Көсіліп шапса, ат жүйрік,
Шешіліп айтса, тіл жүйрік.

Нұрлы-нұрлы көңілден нұр кетпейді,
Айтып, мақтап жатуға тіл жетпейді.
Кірлі-кірлі көңілден кір кетпейді,
Ондай көңіл дақ салмай құр кетпейді.

Адам танымаған мұраттан қалады,
Сөз танымаған ғибраттан қалады.

 


Ақыл-нақыл

Атаңа тоқтамасаң да, ақылға тоқта.

Жақсы іске бара жатсаң – қадамың ұзарады.
Жақсының батасын алсаң – талабың ұзарады.

Ағысы қатты өзеннің ұлтаны таза,
Ырысы бар ауылдың сұлтаны таза.

Жан сарайың жаз болғай,
Сүйсінерің көп болып,
Жек көрерің аз болғай.

Дүниені шашатын кез болады,
Жамбасқа басатын кез болады.

Өз қадірін білмеген, өзгені сыйлап жарытпас,
Өз қадірін түсінген, өзгені жерге қаратпас.

Жақсы тайды сатпасаң – ат болады,
Тәуір ойда сақтасаң, хат болады.
Жақыныңыды даттасаң – жат болады,
Бақыт қонар өмірде сәт болады.

Бөрік бастан артық болар деймісің,
Көрік ақылдан артық болар деймісің.

Үйлеспеген тірлік те іріген сүттей,
Не дәмін тата алмайсың, не шайға қата алмайсың.

Су қатса, мұзға айналады, күн батса – көз байланады,
Тірлігің кері кетсе, алтының жезге айналады.

Бай жомарттық қылам десе, малдан табысы бар.
Кедей жомарттық қылам десе, оның да қолғабысы бар.

Жақсы болса жаттың да өгейлігі сезілмес,
Көңілді жүрсе адамның кедейлігі сезілмес.

Көл – ақпадым деп арманда,
Өзен – көл құсап тыным таппадым деп арманда.

Өткел бермес өзен жоқ, өтетін жерін тап,
Үйлеспейтін жұмыс жоқ, үйлестірер ерін тап.

Су сынаптан ауыр болар деймісің,
Мыс алтыннан тәуір болар деймісің?


Мінез-құлық 

Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді, Қой көрмеген қуалап жүріп өлтіреді.

Иіре алмаған ұршықтан көреді,
Ата алмаған мылтықтан көреді.

Қазанға – шөміш, табаққа – қасық жарасқан.

Жылқылы болдым деп, есегіңнен айрылма,
Жиыным бар деп, есебіңнен айрылма.

Біреу қарным тоя ма деп армандар,
Біреу әкім қып қоя ма деп армандар.

Жағынып жақсы болмайсың.

Жаман адамның басына іс түссе, «ішінде мынау бар еді» дер.

Жамандарға олжа түссе, бөлісе алмай қолға түседі.

Палуанның жаманы жығылған соң талтаяр.

Жақсы таз басын жасырмайды.

Отырам деп еріншек өлер.

Көшкенде көлік тимеген,
Жеткенде мініп отырады.

Жаман қошқар қой бұзар,
Жаман жігіт той бұзар.

Асыққан атына теріс мінеді.

Қатын көп болса шөмішті ит жалар.

Шабан үйрек бұрын ұшар.

Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым.

Қу байтал екі айғырды аш қалдырады.

Қазақ етігін майлайды,
Етігі етегін майлайды.

Көшпелі елде ақың болса, көше-көше қасыңа келер.

Базарда мың кісі бар, әркім сүйгеніне сәлем берер.

Қызғалдақ жемеген қозы арманда кетеді.
Қорықпас келін қой басынан қорқады.

Қазыналы кеуденің асылына не жетсін,
Құдай берген мінездің ашығына не жетсін.

Перінің қолынан келмеген, пәренің қолынан келеді.

Сырдың асылы – сырлы кеудеде.

Сүтсіз қой – маңырауық.

Үйдегі сауданы базардағы нарық бұзады.

Екі үйдің қонағы емексіп жүріп аш қалар

Кеме келсе, қайық судан ытқып шығады.

Етігі жаман төрге шықпас

Әжептәуір ән еді, пұшық шіркін қор қылды.

Сабы түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа.

Сыпайы сырын жасырмас, Пұшық мұрнын жасырмас.

Алаңғасарға ары құла десең, бері құлайды.

Екі тентек елге сыймас.


Әйел

Сүйемді қарыс қылатын да әйел,
Жақынды алыс қылатын да әйел.

Реңі сұлу – сүюге жақсы,
Мінезі сұлу – өмір сүруге жақсы.

Жақсы әйелдің баласы да күтулі,
Жұмысы да бітулі.

Аттың бағына иесі ортақ,
Ердің бағына әйелі ортақ.
– Құда – жекжат –
Арманыңды мұраттай көр,
Сыбағаны сұратпай бер,
Жекжатты жұраттай көр.

Жақыныңда жат етпе,
Табылмайды туыстас,
Бір суысқан жуыспас.

Ескі құда жай білер,
Ат орнына тай жүрер.

Ісіңді айтпа, сыйласатын кісіңді айт.


Жігіт

Иттің сырттанын бөрі біледі.
Жігіттің сырттанын сырттағы ел біледі.

Жауынның жаманы – зоры,
Жігіттің жаманы – қоры.
Жігіттің жақсысы – азамат,
Жылқының жақсысы – қазанат.

Талабы жоқ жігітті кәріге қос,
Жолы сұйық жігітті бөріге қос,
Үміті жоқ жігітті өліге қос.

Жігіттің ибасы болсын,
Сыртта сыйласы болсын,
Доста қимасы болсын.

Тәлім берер жігіттің ақылы артық болады,
Ісінде тәртіп болады.

Қазанаттың жолында жазық та бар, ор да бар,
Азаматтың жолында бақыт та бар, сор да бар.