Алты алманы алды Алма,
Алды алманы Алдан да.
Алдан, Алма алды алма,
Ал есебін, алданба.
Әмір әбігер, неге әбігер?
Әділ әбігер, неге әбігер?
Әмір мен Әділдің әбігеріндей
Әркімнің әбігерлігі бар.
Есім есі кетіп есінеп отыр екен,
Ол несіне, есі кетіп есінеп отыр екен?
Шеше, шеше,
Неше кесе
Сынды кеше?
Қайрат қайрақ қайрап отыр,
Қайрақпен балта қайрап отыр.
Қойдан қалып қойған қара қозыны
Қалтай қораға қамап қойды.
Қырық үш қызғыш құсқа
қырық үш қызғыш құсты қосса
қанша қызғыш болады?
Жол бар,
Жолда өр бар.
Өр бар,
Орға барма,
Өрге бар.
Сенсең,
Бейсенде барсеңсең тон,
Сейсенде барсеңсең тон,
Кигендері өңшең тон.
Кім сызғышсыз?
Біз сызғышсызбыз.
Сызғышсыздарға
Сызғышсыз сызғыз.
Ісшіл іссізбен келіспейді,
Істі іссізден тес істейді
Іске іскер,
Істі іскер істер,
Үш кісі ішік пішті,
Бес кісі ішік пішті,
Қанша кісі ішік пішті?
Сорпа іштік,
Сорпа ыстық.
Сондықтан қорқа іштік.
Шалғы саптап, шөп шап.
Шөп шапсаң, көп шап.
Көп шапсаң, шапсаң шап.
Шапсаң шапсаң, шаршап жат.
Үміт түбіт түтті,
түбітті түтіп бітті.
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
Құлақтандырмағандықтарыңыздан
Бара алмай қалдық бәріміз де аңға.
Үлгілілік — үйретуден.
Үлгерулік – үйретуден.
Үлгілілік – үздіктен,
Үздіксіз үйретуден.
Ұрыспаз, ұғымтал-ұғымпаз,
Ұғыспаз, ұрыншақ-ұрынпаз.
Тас,тас, тасбақа,
Асты-үстінде тас-тапа.
Келсін қасқа- асқа, ата,
Берші бата, досқа, ата.
Сылдырмақ сылдырлады,
Сәби былдырлады.
Сылдырмақ сылдырласа,
Сәби былдырлай ма?
Сылдырмақты сындырмай ма?
Сексен сегіз сәбізді
Күнде өгізге жегізді.
Күнде сексен сегіз
Сәбіз жеген өгіз семіз.
Сабақ үстінде
Екі қыз бала жүзім жеп отыр.
Жүзімді тағы бір бойы ұзын… жеп отыр.
Жүзім жегенді Жекен тізімдеп отыр.
Ойбайлама, Орынбай,
«Ойбай» оғаш одағай.
Осы оғаш ойбайың,
Ойсыз олаң Ордадай.
Мұз мұзға ұқсас,
Тұз тұзға ұқсас,
Мұз да, тұз да ұқсас.
Моншақты тақты оншақты,
Оншақты болды моншақты.
Қырда екі кекілік жетіліп келеді,
Екі кекілік секіріп-кекіріп келеді.
Әдепті әділдікке әдеттенген.
Әдетте, әділдік те әдептіден.
Қойбағар тойға бармай, қойға барды,
Тойбағар қойға бармай, тойға барды.
Әжем үш әшмүшке шай алдырды
Әзер-мәзер дегенде шөл қандырды.
Әуесқойлыққа әуестенген
Әншінің әуені де әулекі.
Ақ мақта ақ қарда аппақ па?
Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?
Ашқарақтанған ашқарақ он ұрланып,
Ашығыңқырағасын ас ішіпті обырланып.
Анам апалаң-сапалақ,
Алаңғасар балаға қатал-ақ.