Облыстық семинардың екінші күні

Семинардың екінші күнінде орталық оқытушылары Б.Т.Ахметжанова «Қазақ тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер», М.К.Кусанова «Әлем тағамы», Ғ.Б.Ахметова «Төрт тілдік дағды бойынша әдістемелік сабақ» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сабақ барысында ересек адамдарға мемлекеттік тілді үйретудің ерекшеліктері және тиімді әдіс – тәсілдері түсіндірілді. Теория мен практиканы ұштастыра отырып инновациялық стратегиялардың тиімділігін ажырату және қолдану, «Quiz Whizzer», «Wordwall» әдісіне кеңінен тоқталып, қатысушылармен «Әріптер сөйлейді», «Өзіме және көршіме», «Көңіл күй» тренингін жүргізіп, «4 сурет 1 сөз» әдістері арқылы мәтіндермен жұмыс жасалды.
Қатысушылармен семинардың тиімді жақтары және алған әсерлері туралы кері байланыс жасалды. Шараның соңында қатысушыларға сауалнама жүргізіліп, сертификат табысталды.