«Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиінің нұсқалары мен әліпбиішілік реттеулер бойынша ұсыныстары» тақырыбындағы ашық талқылау

Қостанай облысы әікімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен  2020 жылдың 14 ақпаны күні «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиінің нұсқалары мен әліпбиішілік реттеулер бойынша ұсыныстары» тақырыбындағы ашық талқылау өтті.

Аталған талқылауға  ЖОО филолог ғалымдары мен оқытушылары, тіл жанашырлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – орфографиялық жұмыс тобы әзірлеген әліпбидің жетілдірілген нұсқалары мен өзге де ұсынылған әліпби жобаларын талқылау.

Ашық талқылауда орталық мамандары А.Нұрбекова, Ж.Жарасбаева, А.Миркемелова ұсынылған әліпбидің үш жобасымен таныстырды.

Талқылау барысында ұсынылған қорытындылар, ұсыныс-пікірлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетіне жіберілді.