№4 орта мектепте жаңа әліпбидің емле-ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді

2019 жылдың 6 наурызында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін латын графикасына көшіруді түсіндіру және емле-ережелерімен таныстыру жұмыстарын өткізу кестесіне сәйкес  «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебінде» мектеп мұғалімдеріне жаңа әліпбидің емле-ережелерін  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы  Б.Нсанова мен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова қатысып, 2018 жылғы 6 желтоқсанда Ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі қағидаларымен таныстырып өтті.