№115 орта мектепте «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – заман талабы» атты дөңгелек үстел болып өтті

2019 жылдың 4 наурызында «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №115 орта мектебінде» латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне көшіруді іске асыру шеңберінде және мектеп мұғалімдеріне жаңа әліпбидің емле-ережелерін  түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы К.Бимағанбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова, әдістемелік бірлестіктің жетекшілері мен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

К.Бимағанбетов өз сөзінде латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің ерекшеліктері жайында айтып өтті. Оқытушы А.Миркемелова жаңа әліпбидің емле-ережесінің ерекшеліктеріне тоқталды.