АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2018 жылғы 29 қарашада Астана қаласында «QAZAQSTAN» Орталық Концерт залында Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, жобаға қатысушылар және жеңімпаздар, этноағарту кешендерінің әдіскерлері мен оқытушылары, этнос өкілдерінің жастары, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Жеңімпаздар 3 номинация бойынша марапатталды: «Асыл сөз» мектебі  – Школа ораторского искусства», «Еркін сөйле» – Видеороликтер эстафетасы», «Тіл мектебі – Школа языков».

«Мың бала» жобасы 2015 жылдан бері іске асырылып, жыл сайын жобаға қатысушылардың саны ұлғайып келеді. Марапаттау салтанатына қатысуға еліміздің барлық өңірлерінен Астанаға 48 оқушы мен 17 мұғалім келді.

Аталған іс шараға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Гүлнар Маратқызы Талапова қатысып,  «Тіл мектебі – Школа языков» номинациясы бойынша марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *