ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

2018 жылдың 29 қарашасында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Нұрмағамбетова А.Б. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы және мемлекеттік тіл» атты ашық сабақ өткізді.

Мерекелік сабақта Елбасының егемен елді қалыптастыру жолындағы ерең еңбегін айшықтайтын арнайы бейне материалдар көрсетіліп, кітап және фото көрме ұсынылды.

Тұңғыш Президент күні аясында өткізілген ашық сабақ танымдық бағытта болды. Елбасын шығармашылық қырынан көрсете отырып, елдің тарихына да көз жүгіртті.

Орталықтың тыңдаушылары белсене қатысып, берілген тапсырмаларға жауап беріп, ойларымен бөлісті. Мерекелік сабақ соңында патриоттық ән шырқалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *