Аймақтық семинар – тренинг

2018 жылдың 21 қарашасында «Қарасу ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ базасында  «Латын әліпбиіне көшу –  тарихи қадам» аймақтық семинар-тренинг өтті.

Семинар мақсаты: латын әліпбиінің емле ережесін  тыңдаушыларға түсіндіру барысында қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерімен алмасу. Семинар негізгі және практикалық түрде өтті.

Практикалық кезеңде семинар қатысушылары үш топқа бөлініп, ұсынған тапсырмаларды орындады. Орындаған тапсырмаларға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Б.Сүлейменова, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова және Қарасу мемлекеттік тілінде оқытатын негізгі мектеп директоры А. Арғынғазина сарапшылық жасады.

Аталған іс-шараға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері А. Доспанова және жас маман Б. Жұматай қатысты.

Семинар-тренинг барысында  аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары тәжірибелік  жұмыстар көрсете отырып, білім алмасты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, баяндамашыларға көкейдегі сауалдарын қойды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *