«ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтуде

2018 жылғы 8 қарашада  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ұсынған  Қазтест жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында компьютерлік диагностикалық тестілеу өтуде.

Диагностикалық тестілеуден «Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 68 қызметкері өтті.

Диагностикалық тестілеу жинағы үш кезеңнен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматика және оқылым. Жалпы 150 сұрақты қамтиды. Тестке қатысушыларға нәтижесі туралы анықтама беріледі. «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу облыстық тілдерді оқыту орталығында жоспарға сәйкес өткізіліп отырады.

«Тілдарын» орталығында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін кез келген тыңдаушының диагностикалық тестілеуден өтуіне барлық жағдай жасалған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *