Қаланы көгалдандыру – бәрімізге ортақ іс

Жалпы қалалық сенбілік игі дәстүрге айналды. Сенбілікке – әрбір қала тұрғыны қаланы көгалдандыруға, тазартуға, тәртіпке келтіруге үлес қосады. 26 сәуір күні «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясына облыс  әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Назарбаев зияткерлік мектебінің аумағында  көшеттер отырғызылды. Жасыл желекті өсіру экологиялық тұрғыда басты міндет болып табылады. Осы мақсатта көгалдандыру шарасында 1000 түп көшет отырғызылды.

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері де қолдарына тұрмыстық құрал-сайман ұстап, көгалдандыру шарасына белсене қатысты. Сенбіліктің тәрбиелік мәні өте зор.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *