Латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитті түсіндіру және ілгерілету жұмыстары бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай облысы бойынша қалмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары С.Д.Бекбусинова мен А.М.Доспанова латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитін түсіндіру, жалпы ақпарат беру мақсатымен 2017жылдың 17 қарашасы күні Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Орталық оқытушылары өз сөздерінде латын әліпбиінің ұтымды жақтарын  айтып, оның заман талабы екені туралы сөз қозғады.

Бұл кездесуге 30-дан  астам қатысушы жиналып, өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға салып, пікірлесіп отырды. Кездесу соңында латын әліпбиін қолдана отырып, практикалық жаттығулар орындады.  Қатысушылар берілген мәліметтерді түсініп қызығушылықпен қабылдап, белсене қатысып отырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *