Ақпараттық буклеттер таратылды

2022 жылы 11 қарашада “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тіл, ағылшын тілі курстарын насихаттау мақсатында орталық мамандары А.Нұрмағамбетова мен Ж. Жұмабаева “Rauzet” супермаркеті, “Флорианна” гүлдер дүкені қызметкерлері мен қала тұрғындарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қостанай облысы елді мекендеріндегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көшелер байқауы

2022 жылы 9 қарашада Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қостанай облысы елді мекендеріндегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көшелер арасындағы облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Сертификат табысталды

2022 жылғы 1 тамыз бен 1 қараша аралығында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында «Атамекен» Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері үшін қазақ тілін оқытудың 48-сағаттық қысқа мерзімді курс сабақтары ұйымдастырылды.

Ашық есік күні

2022 жылы 14 қазанда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары 25 қазан – Республика күні қарсаңында «Кел, қазақша сөйлесейік» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.

Ашық сабақ өтті

2022 жылы 3 қазанда ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлерімен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің атасы» атты ашық сабақ өтті.

Дөңгелек үстел өтті

2022 жылы 23 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен “ҚАЗАҚ ТІЛІ” қоғамы Қостанай облыстық филиалының жергілікті атқарушы органдармен өзара ынтымақтастығы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.