Қостанай облысы елді мекендеріндегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көшелер байқауы

2022 жылы 9 қарашада Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қостанай облысы елді мекендеріндегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көшелер арасындағы облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға аймақтың аудан, қалалары қатысты. Байқау нәтижесінде Науырзым ауданы «Ынтымақты көше», Әулиекөл ауданы «Ең әсем, таза көше» номинациялары бойынша марапатталып, әділқазылардың шешімімен Жітіқара қаласы жүлделі ІІІ орын, Қостанай қаласы жүлделі ІІ орын, ал Жангелдин ауданының Торғай ауылы жүлделі І орынды иеленді.

Сонымен қатар «Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл» мерейтойлық медалімен зиялы қауымның бірқатар өкілдері марапатталды. Халық ақыны, ұстаз Беркенова Әсия Әйіпқызы, белгілі журналист Аязбеков Жанұзақ Аязбекұлы және «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының директоры Иіпбергенов Ербол Қуанышұлы сондай-ақ, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, жазушы Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлы марапатталды.