Орталық туралы

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы №45 қаулысымен облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылған. Ол өңірдегі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет саласының және акционерлік қоғамдар мен ұлттық компаниялар бөлімшелерінің, жекеменшік құрылымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытып-үйрететін бірден бір кәсіпорын болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы №496 «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысына сәйкес құрылды.

Орталықта 3 медиакласс, әрқайсысы толығымен интерактивтік тақтамен жабдықталған, сонымен бірге орталықтың әдістемелік кабинеттері, оқу-әдістемелік құралдар мен түрлі сала сөздіктеріне бай кітапханасы бар. Барлық оқу кабинеттеріндегі компьютерлерге мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың 3 деңгейлік (бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген) жаңа кешендік бағдарламалары қондырылған. Әрбір деңгейдің оқу мерзімі — 9 ай, 120 сағат. Курс тыңдаушылары жаңа оқу-әдістемелік материалдармен және электронды оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Курсты табысты аяқтаған тыңдаушыларға  сертификат беріледі.

Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен  бүгінгі таңда 3 қала және 15 аудан тілдерді оқыту орталықтары жұмыс істеуде. Облыстық тілдерді оқыту орталығында барлық мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар ниет білдірушілер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтуге мүмкіндік жасалған. Орталықта жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейді. Жыл сайын барлық мамандардың біліктілігін арттыру үшін, қарқынды және арнайы курстар өтіп тұрады.

Мемлекеттік және ағылшын тілдерімен қатар, облыстық тілдерді оқыту орталығында этникалық топтар өкілдері үшін ана тілдері жүргізіледі (неміс, иврит, поляк, әзербайджан, түрік, армян, татар тілдері).