«СөйлеTime» қазақ тілі сөйлесу клубының тұсаукесері өтті

2021 жылғы 19 наурызда Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайында «СөйлеTime» қазақ тілі сөйлесу клубының тұсаукесері өтті. Аталмыш іс шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Есімова қатысып, барлық қатысушыларды құттықтады.

Алқа отырысы өтті

2021 жылғы 12 наурызда Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының алқа отырысы өтті. Алқа отырысын басқарма басшысы Г. Е. Мендекинова кіріспе сөзбен ашып, 2020 жылы өңірдегі тіл саласында атқарылған іс-шараларға шолу жасады.

Қысқа мерзімді оқыту курсы туралы

2021 жылы 26 ақпанда облыстық «QOSTANAI» телеарнасының 1 студия бағдарламасына «Тілдарын» орталығының басшысы Ербатырова Жұлдызай Қабділмәжитқызы орталықтың атқарып отырған жұмысы туралы сұхбат берді.

«Міндет – мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру» тақырыбында сұхбат

2021 жылғы 18 қаңтарда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Г. М. Талапова «Бірінші студия» бағдарламасында «Міндет – мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру» тақырыбында Президент Қ. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көрсетілген тіл туралы мәселелері бойынша өз пікрін ортаға салды.

«Жетілдірілген әліпби: диакритикалық таңбалардың орны» атты онлайн кездесу өтті

2021 жылғы 5 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жетілдірілген әліпби:диакритикалық таңбалардың орны» атта онлайн кездесу өтті. Аталған іс-шараға Zoom платформасы арқылы облыстағы тіл мамандары, ғалымдар, оқытушы-әдіскерлер барлығы 54 адам қатысты.

Тілдерді оқыту курстары басталды

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстарын бастады.

«Қазақ тілін оқытудағы жаттығу тапсырмаларының маңызы» тақырыбында республикалық семинар өтті

2021 жылғы 13 қаңтарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына қарасты Ресурстық тіл орталығы және Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілін оқытудағы жаттығу тапсырмаларының маңызы» тақырыбында республикалық онлайн семинар өтті.