2026 жылғы 10 қыркүйекте «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі: тарих, инновация, әдістеме» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, тіл саласының мамандары мен тәжірибелі әдіскерлер қатысып, мемлекеттік тілдің дамуы, тілдік тұлғаны қалыптастыру және тіл үйрету әдістемесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Аталмыш конференцияға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы қатысып, «Мемлекеттік тілді үйретуде жасанды интеллект технологияларын қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасап, белсене қатысқаны үшін «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының атынан алғысхатпен марапатталды, сондай-ақ баяндамашыларға сертификаттар табысталды.





