ТілLife жобасы

Бүгін Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ мамандары Қостанай облыстық аурухана қызметкерлеріне және келушілерге ТілLife жобасы бойынша QR-код арқылы тілашарлар орнатып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Танымдық сабақ

2023 жылы 8 кыркүйекте 6697 әскери бөлім офицерлері мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерімен «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясы аясында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы Б.Ахметжанова «Кел, қазақша сөйлесейік!» атты ақпараттық танымдық сағат өткізді.

А.Байтұрсынұлы атындағы “Үздік оқытушы-2023″облыстық байқауы

2023 жылдың 5 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күніне орай, А.Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2023» облыстық байқауы өтті. Аталмыш байқауда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Г.Е.Мендекинова құттықтау сөз сөйледі. Подробнее

Жалпыхалықтық диктант

2023 жылдың 5 қыркүйегінде “Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Алаш қайраткері, публицист Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай жалпыхалықтық диктант өтті. Аталмыш диктантқа Полиция департаменті қызметкерлері мен студенттер қатысты. Жалпы диктантқа 50 адам қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауына куә болдық. “Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты туралы” Жолдауында Президент медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру, ақпараттық технологиялар саласын қамтитын және экономика мен жұмыспен қамтудың өсуі болып табылатын креативті индустрияға назар Подробнее

«Ана тілін оқыту бағыттары» семинар -тренинг

2023 жылдың 25 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан халқы тілдері күніне орай Петропавл қаласында  «Ана тілін оқыту бағыттары»  тақырыбында Ресей федерациясының Түмен, Омбы облыстарындағы қазақ тілі мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өтті. Аталған семинарда Подробнее