🏆 «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы

​Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.
​Мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, оны этносаралық қарым-қатынас құралы ретінде шебер қолдана білген этнос өкілдері арасындағы бәсекеде үздіктер анықталды:
​🥇 1-орын: Блинова Алёна Юрьевна – Сарыкөл ауданы «Барвин жалпы білім беретін мектебі» КММ қызметкері.
​🥈 2-орын: Яковенко Вера Александровна – «Ұзынкөл ауданының ветеринариялық станциясы» КМК қызметкері.
​🥉 3-орын: Макеев Максим Сергеевич – Қарабалық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері.
​ Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
​Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі еңбектеріңіз жана берсін. ✊❤️
​#МемлекеттікТіл #ТәуелсіздікСимволы #ОблыстықБайқау #Тілдарын #Қостанай