Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.
Мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, оны этносаралық қарым-қатынас құралы ретінде шебер қолдана білген этнос өкілдері арасындағы бәсекеде үздіктер анықталды:
🥇 1-орын: Блинова Алёна Юрьевна – Сарыкөл ауданы «Барвин жалпы білім беретін мектебі» КММ қызметкері.
🥈 2-орын: Яковенко Вера Александровна – «Ұзынкөл ауданының ветеринариялық станциясы» КМК қызметкері.
🥉 3-орын: Макеев Максим Сергеевич – Қарабалық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі еңбектеріңіз жана берсін. ✊❤️
#МемлекеттікТіл #ТәуелсіздікСимволы #ОблыстықБайқау #Тілдарын #Қостанай




