АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ-2026» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

✅ 2026 жылдың 15 мамырында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы өтті.

​✅   Байқаудың мақсаты — оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру деңгейін анықтау және озық кәсіби шеберлікті насихаттау.

​✅   Облыстық кезеңге суырылып шыққан үздік оқытушылар қатысып, өздерінің біліктілігі мен жаңашыл әдістемелік тәжірибелерін ортаға салды. Сынға түскен қатысушылар келесідей күрделі әрі қызықты кезеңдерден өтті:

​І кезең: В2 деңгейі бойынша этнос өкілдерінен құралған сынама топпен жұмыс. Ұяшық таңдау арқылы сөйлеу әрекетінің 4 түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қамтитын ашық сабақ өткізу;

​ІІ кезең: «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбы. Мұнда оқытушылар жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін және өзге де цифрлық бағдарламаларды қолдану арқылы ең үздік, инновациялық сабақ үлгілерінің таныстырылымын көрсетті;

​ІІІ кезең: «Менің жеке жетістіктерім» — оқытушының педагогикалық жолындағы еңбегі мен шығармашылығын айшықтайтын жеке портфолиосын ұсыну.

​Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар:

​III орын — Федоров ауданынан Бакитжанова Асылгуль Калибековна;

​II орын — Қарабалық ауданынан Ескендирова Алмабике Мерекеновна;

​I орын — Сарыкөл ауданынан Құндақбаев Айбек Дарханұлы;

​Бас жүлде — Жангелдин ауданының тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Дуйсенбі Әсел Қанатқызы ие болды.

​Жеңімпаздар мен өзге де қатысушылар арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай жүлделермен марапатталды.

​Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!