✅ 2026 жылдың 15 мамырында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы өтті.
✅ Байқаудың мақсаты — оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру деңгейін анықтау және озық кәсіби шеберлікті насихаттау.
✅ Облыстық кезеңге суырылып шыққан үздік оқытушылар қатысып, өздерінің біліктілігі мен жаңашыл әдістемелік тәжірибелерін ортаға салды. Сынға түскен қатысушылар келесідей күрделі әрі қызықты кезеңдерден өтті:
І кезең: В2 деңгейі бойынша этнос өкілдерінен құралған сынама топпен жұмыс. Ұяшық таңдау арқылы сөйлеу әрекетінің 4 түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қамтитын ашық сабақ өткізу;
ІІ кезең: «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбы. Мұнда оқытушылар жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін және өзге де цифрлық бағдарламаларды қолдану арқылы ең үздік, инновациялық сабақ үлгілерінің таныстырылымын көрсетті;
ІІІ кезең: «Менің жеке жетістіктерім» — оқытушының педагогикалық жолындағы еңбегі мен шығармашылығын айшықтайтын жеке портфолиосын ұсыну.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар:
III орын — Федоров ауданынан Бакитжанова Асылгуль Калибековна;
II орын — Қарабалық ауданынан Ескендирова Алмабике Мерекеновна;
I орын — Сарыкөл ауданынан Құндақбаев Айбек Дарханұлы;
Бас жүлде — Жангелдин ауданының тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Дуйсенбі Әсел Қанатқызы ие болды.
Жеңімпаздар мен өзге де қатысушылар арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай жүлделермен марапатталды.
Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!


