2017 жылдың 19 қыркүйек күні Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қостанай облысы бойынша департаменті бірлесіп «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты интеллектуалдық-танымдық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын мемлекеттік қызметшілердің арасында насихаттау, мемлекеттік тілді жетік меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, өз тілін, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабаққа Қостанай облысы басқармаларының қызметкерлері қатысып, алған білімдерін көрсетті.
Ашық сабақ соңында мемлекеттік тілді оқыту курсына белсенді қатысып жүрген тыңдаушыларға алғыс хаттар табысталды.