2018 жылдың 2 мамырда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Атамның ерлігі жүрегімде!» атты ашық сабақ.

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толып отыр бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда.

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем. Жүз мыңдаған ата- әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.

2018 жылдың 2 мамырда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы С.Бекбусинова  «Атамның ерлігі жүрегімде!» атты ашық сабағын өткізді.

Майдан даласында,сіздер мен біздердің бақытты өміріміз үшін өз өмірлерін құрбан еткен аталарымыздың рухтарына тағзым етіп,  аты-жөндерін атап еске алды.Тыңдаушылар жүректері елжіреп өз аталары туралы әңгіме жүргізді.

 

Сабақ соңында көрме алдына қалампыр гүлдерін қойды.