«ҚАЗАҚ УИКИПЕДИЯСЫН ДАМЫТУ: ТІЛ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

12 тамыз күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының конференц-залында «Қазақ Уикипедиясын дамыту: тіл және цифрлық қоғам» атты облыстық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі басқармаларының өкілдері, қала және аудан тілдерді оқыту орталықтарының мамандары, жоғары оқу орындарының тіл мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның басталуында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жангелдіұлы Әбілов алғы сөз сөйлеп, семинардың маңыздылығына тоқталды.

Қазақша Уикипедия әкімшісі Рахым Манарбекұлы Сабиханов «Қазақша Уикипедия: тарихы, мақсаты және даму бағыттары» тақырыбында баяндама жасап, уикипедияның негізгі ережелері мен талаптарын түсіндірді.

Қатысушылар платформа интерфейсімен танысып, мақаланы өңдеу, жаңа мақала жазу және оларды дұрыс рәсімдеу бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

Қазақ тіліндегі цифрлық контентті толықтыру және сенімді дереккөздерді пайдалану жолдары пысықталды.

Семинар соңында қатысушылар қорытынды жасап, пікір алмасты және кері байланыс берді. Іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.

#ҚазақУикипедиясы

#ЦифрлықҚоғам

#Қостанай

#ТілЖәнеҚоғам

#МемлекеттікТіл