Біліктілікті арттыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Тіл үйретудегі лингводидактикалық тәсілдердің трансформациясы» атты республикалық онлайн семинарға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары қатысты.

​         Семинар барысында мамандар тілді оқытудың жаңа форматтары мен заманауи лингвистикалық әдіс-тәсілдерді меңгеріп, өз біліктіліктерін шыңдады. Оқыту курсының нәтижесі бойынша орталық қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табыс етілді.