«Қазақ тілі сабағында интерактивті тапсырмаларды әзірлеу үшін Learning.apps онлайн ресурсын қолдану» тақырыбында шеберлік сабақ көрсетті

2020 жылғы 02 маусымда «Тілдарын» орталығының оқытушысы, филология магистрі А.Миркемелова Қарағанды облысы әкімдігі тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бескүндік өңіраралық онлайн-семинарда «Қазақ тілі сабағында интерактивті тапсырмаларды әзірлеу үшін Learning.apps онлайн ресурсын қолдану» тақырыбында шеберлік сабақ көрсетті.

Аталған онлайн-семинарға барлық өңірлерден 80 маман қатысып отырды.