2018 жылғы 09 қарашада «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ А.Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы ғимаратында «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге «Қазпочта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, Тазалық – 2012» ЖШС, Ішкі саясат бөлімі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Білім бөлімі, Құрылыс бөлімі, Мемлекеттік активтерді сатып алу бөлімі және Әкім аппараты, мекемелердің Іс-жүргізу бойынша бас мамандары, аударма жөніндегі редакторлар, тіл мамандары мен әдіскерлер қатысты.
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушы А.Нурмагамбетова қатысушыларға қазақ тілін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен біртіндеп көшірілетіні туралы толық жеткізді. Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесінің негізгі ережесінің жобасымен таныстырып, әртүрлі практикалық тапсырмалар орындатты.
Қатысушылар белсенді атсалысып, өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасу болды.