2019 жылдың 12 сәуірінде Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығының және ауылдық округ оқытушыларына арналған «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа емлесін талдау және талқылау» атты шеберлік сынып өтті.
Шеберлік сыныпты «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова өткізді.
Шеберлік сыныпта оқытушы латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің орфографиялық ережелеріне жан-жақты тоқталып, орталық оқытушыларымен талдау, талқылау жұмыстарын өткізді.