2018 жылдың 14 мамырда «Строительный» кітапханасының қабырғасында «Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған дөңгелек үстелге «Тілдарын» тілдерді оқыту облыстық орталығының оқытушысы А.Нұрмағамбетова «Латын әліпбиіне көшу туралы» атты баяндамамен қатысты.
Өз баяндамасында 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшуі және де қолданысқа енгізілетіні туралы айтты. Баяндамамен қатар практикалық жұмысы да жүргізілді. Қатысушылар латын қарпімен жазу дағдысын үйренді. Қатысушылар қазақ тілінің латын графикасына көшудегі маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, сөздердің жазылуы мен айтылуындағы өзгерістері талқыланды.