«Латын қарпі архив құжаттарында» атты дөңгелек үстел отырысы

2018 жылдың 30 наурызда «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» ММ оқу залында «Латын қарпі архив құжаттарында» дөңгелек үстел өтті.

Отырысқа ғылыми және қоғам зиялылары, оқытушылар, БАҚ өкілдері қатысты.Отырыс алдында қатысушылар фотокөрмені тамашалады, кейін әр қатысушы қазақ тілінің латын графикасына көшудегі маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында талқыланған сұрақтар бойынша резолюция қабылданды.