«Елбасы Жолдауы – келешекке бағдар беретін құжат» атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 13 ақпан күні  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі тапсырмаларды түсіндіру мақсатында  Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының 2018 жылғы 10 қаңтар – 31 наурыз аралығында өтетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Елбасы Жолдауы – келешекке бағдар беретін құжат» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қостанай қаласындағы жоғары оқу орындарында және колледждерде  қазақ тілі пәнінен сабақ беретін  оқытушылар қатысты. Қостанай облысы тілдерді дамыту басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің  басшысы  Б.Зейнекин, «Тілдарын» орталығының басшысы Г.Талапова, ҚМУ практикалық-лингвистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Г.Жүрсиналина баяндама оқыды.

Басты бөлігі аяқталғаннан кейін, оқытушылар өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.