ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында 2017 жылдың 13 қазанында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Затобол кенті, Ы. Алтынсариннің кесенесі басында «Даланың дара ұстазы» атты іс-шара өтті. Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының мамандары, Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қызметкерлері мен курсанттары, ҚР Шекара қызметі «Солтүстік» Өңірлік басқармасы, «Солтүстік» Өңірлік басқармасы 2031 әскери бөлімі қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер білім бар жұрттар», «Жаз», «Өзен» өлеңдерінен орталық тыңдаушылары мәнерлеп оқыды. Қатысушыларға мемориалдық мұражай қызметкері Ы.Алтынсариннің өмірі жайында баяндап берді.
Іс-шараның мақсаты Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығы туралы ақпарат беру, тыңдаушылардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру.