«TilLife» жобасы

2023 жылғы 22 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері А.Ташмағанбетова “Алау” телеарнасының “Көкейтесті сұxбат” бағдарламасында “ТilLife” жобасы туралы толық ақпарат беріп, орталықта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы сұқбат берді.

QR-код арқылы тілашарлар

2023 жылдың 21 ақпанында “Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы мен Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының өзара ынтымақтастық меморандум шеңберінде орталық мамандары Қостанай қаласының №3 емхананың тіркеу, дәрігерге жазылу бөлімдеріне сала бойынша QR-код арқылы тілашарлар Подробнее

«Тілді игерудегі нәтижелі атқарылған жұмыстар» тақырыбындағы алқа отырысы.

2023 жылдың 17 ақпанында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Тілді игерудегі нәтижелі атқарылған жұмыстар» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысының секциялық жұмысы өтті. Отырысты мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Ж.Б.Науразбаев жүргізді. Подробнее

Ынтымақтастық кездесу

2023 жылдың 10 ақпанында, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы» КММ., Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығы» МКМ., «Солтүстік Қазақстан облысы Подробнее

Материалдық – техникалық база

«Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ «Тіл-рухани қазына» іс-шарасында табысталған қаржылай жүлдені тиімді игеру мақсатында орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін мультимедиялық жүйе жиынтығы, мультимедиялық жүйе үшін тұғыр және фотокамера алынып, оқу үдерісінде пайдалануда.

«ТілLife» жобасы

2023 жылдың 7 ақпанында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы Д.С.Жандаевпен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Т.А.Айтмағамбетова арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық Подробнее

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дөңгелек үстел.

2023 жылғы 27 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты интербелсенді форматында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Подробнее