«Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты ашық сабақ

2017 жылғы 13 желтоқсан күні    Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі күніне орай  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту  орталығында  «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақты орталық оқытушысы Бекбусинова Светлана Досқалиқызы жүргізді.     

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, тыңдаушылардың бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік ұғымдарын терең сіңіру. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, білімді, іскер азамат қалыптастыру болып табылады.

Сабаққа өтініш бойынша ниет білдірген тыңдаушылар, Ішкі Істер департаменті, Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесінің қызметкерлері белсенді қатысты.

Сабақ барысында Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен жетістіктерінен бейне үзінді көріп,  тыңдаушылар екі топқа бөлініп еліміз тәуелсіздік алғалы айтулы даталарға тоқтала кетіп, өз пікірлерін ортаға салды. Оқытушы сабақта интерактивті әдіс-тәсілдерді қолданды: пікір-сайыс, «Қарлы кесек» ойыны арқылы ел, отан, бірлік, татулық туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып, коллаж жасап оны қорғап, еліміздің болашағына жақсы тілектер айтылды.

Сабақ  «Атамекен» әнімен аяқталды.