«Латын алфавитінің негіздері» атты семинар

Қостанай облысы бойынша қазақ алфавитін кириллицадан латын қарпіне көшіруді ілгерілету бойынша ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына сәйкес, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында 2017 жылдың 16 қазанында «Латын алфавитінің негіздері» атты семинар өтті. Аталмыш семинарға Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының мамандары, Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін оқытушылар, Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.

Семинарда құжаттар пайдалану және жариялау бөлімі бастығының м.а. Ә.К.Қадырменова «Латын әліпбиі – архив құжаттарында» тақырыбы бойынша, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары: Г.Т.Крикпенова «Латын әліпбиіне көшу туралы пікір», А.Ж.Нұрбекова «Латын қарпімен жазу пікір және ұсыныс», М.М.Кульбаева «Латын қарпіне көшу -заман талабы» атты баяндамаларын оқыды.

Семинарға қатысушылар белсенді атсалысып, латын қарпіне көшу бойынша оң көзқарастарын білдірді. Семинар соңында өзара пікір алмасып, өз ойларын айтты.