Армян және түрік этномәдени бірлестіктерінің тыңдаушыларымен қазақ алфавитінің жаңа жобасын талқылау

Қостанай облысы бойынша қазақ алфавитін кириллицадан латын қарпіне көшіруді ілгерілету бойынша ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына сәйкес, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында 2017 жылдың 15 қазанында сағат 10.00-де армян және түрік этномәдени бірлестіктері тыңдаушыларының қатысуымен қазақ алфавитінің жаңа нұсқасын талқылау жөнінде кездесу өтті.

Аталмыш кездесуге Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының мамандары, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, этникалық топтарға сабақ беретін оқытушылар мен тыңдаушылар қатысты.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Ж.Т. Жарасбаева баяндама оқыды. Сонымен қатар, «Эребуни» қауымдастығының төрағасы орынбасары Григориян Сергей Вагинакич белсенді атсалысып, латын қарпіне көшу бойынша оң көзқарасын білдірді. Кездесудің соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ойларын айтты.