🏆 Тіл шеберлері анықталды!

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі «Тіл шебері» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.

Үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген, ойы ұшқыр, тілі бай мамандар бақ сынаған додада үздіктер анықталды:

🥇 1-орын: Сарсенова Жансая Маратовна – Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ-пен өзара іс-әрекет бөлімінің бас маманы. Жансая енді облыс намысын Республикалық «Тіл шебері» байқауында қорғайтын болады!

🥈 2-орын: Әбдімәлік Бекзат Азаматұлы – Арқалық қаласы әкімдігінің ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бас маманы.

🥉 3-орын: Ғабдымәлік Нұртас Есімханұлы – Жангелдин ауданы әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!  Мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, тілдік саясатты ілгерілетудегі еңбектеріңіз жана берсін. Жансая Маратовнаға республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! ✊