🗓 2025 жылғы 18 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасыныңұйымдастыруымен «AI және лингвистика: цифрлық синергия дәуірі» атты ауқымды форумөтті.

Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Абзал Құспан, Мутәлі Әбутәліп,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, ҚР Ғылым және
жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғ. Абзалбек,
зиялы қауым өкілдері, өңірлік және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен lT
сарапшылар қатысты.
🔹 Форумның басты мақсаты- қазақ тілін дамытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін
тиімді пайдалану, білім беру, құқық, сот жүйесі мен цифрлық кеңістіктегі Тіл саясатын жаңа
деңгейге көтеру болып табылады.
🤝 Форум барысында Қостанай облысы әкімдігі мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
🔹 Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және
цифрлық дәуір талаптарына бейімдеуге үлес қосып жүрген форум қонақтары Қостанай
облысы әкімінің және облыс әкімі орынбасарының алғысхатымен марапатталды.
🔹 Форум – қазақ тілін цифрлық кеңістікте дамытудың маңызды алаңы болды.