БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯ

🗓️2025 жылғы 31 қазанда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қ.Б. Атамұратов және «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Т.Ә. Айтмағамбетова Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытуға бағытталған 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдама аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясын өткізді.
🔹Іс-шара барысында өңірде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тілдік ортаны дамыту, ересектер мен жастар арасында тіл үйрету үдерістерін жетілдіру бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері баяндалды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтар мен жобалар таныстырылды.
🔹Баспасөз конференциясының қорытындысында қатысушылар өңірде тіл саясатын одан әрі дамыту және мемлекеттік бағдарламаның мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша нақты міндеттерді айқындады.