⚜️ 12 қыркүйекте Тараз қаласында “Тілдерді оқытудағы инновациялық және интерактивті әдіс-тәсілдер” атты республикалық семинар өтті.

🔹Аталған семинарға орталық оқытушысы Анапина И.Е. қатысты.
🔹Қазақ тілін оқытудың жаңа, инновациялық тәсілдерін ұсыну, қазақ тілі оқытушылар мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы семинар екі кезең бойынша ұйымдастырылды.
📌Бірінші кезеңде жиынға арнайы шақырылған спикерлер тақырыпқа байланысты ой-пікірлерімен бөлісті. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің “Тіл саясаты комитеті” әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Көкен Айнагүл Қожаназарқызы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, Оксфорд университеті Азия және Таяу шығысты зерттеу факультетінің қазақ тілі маманы Дидар Садық, “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әдістемеLab бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Мақсұтқызы Искакова баяндама жасады.
📌Семинардың екінші кезеңінде Жетісу облысы,  Шымкент қаласы және Жамбыл облысы тілдерді оқыту орталығының оқытушылары тіл үйретудегі өз тәжірибелерімен бөлісті.