🗓️2025 жылғы 12 қыркүйекте Лисаков қаласында Қазақстан халқының тілдері күніне, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай “Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” атты аймақтық тілдер форумы өтті.
🔹Іс-шараны ұйымдастырған – “Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы” КММ.
🔹Форумға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Т.Ә. Айтмағамбетова қатысып, орталықтың мемлекеттік тіл мен өзге де тілдерді оқыту бағытында атқарып жатқан ауқымды жұмыстары туралы баяндама жасады.
🔹 Форум аясында тіл саясатын дамыту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ұлт зиялыларының рухани мұрасын насихаттау мәселелері кеңінен талқыланды.


