«Ана тілі»  оқу құралының   тұсаукесері

2025 жылдың 25 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және халықаралық ана тілдері күніне орай Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетітінің, «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының  тапсырысы бойынша Қазақстан халқының этностардың тілдерін (кәріс, башқұрт, армян) үйретуге арналған «Ана тілі» оқулығының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.

  • Іс шараға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, жоғары оқу орындары және  этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері қатысты;
  • Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының орынбасары М.Б.Әбдірахманов құттықтау сөзін айтып, облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады;
  • «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Т.Айтмағамбетова оқулықтың құрылымымен таныстырды;
  • Этномәдени бірлестіктердің өкілдері  ана тілдерін оқытуға қолдау көрсетіп жатқан жергілікті атқарушы органдарға алғысын білдіріп барша қазақстандықтардың  ұйыстырушы факторы болып табылатын  қазақ тілін этностар өкілдері оқып үйренуде екенін айтты;
  • Аталған оқулық  армян,  башқұрт, кәріс тілдерін оқыту барысында қолдануға ұсынылды.
  • Оқулық авторларына басқарма тарапынан алғыс жарияланып, іс-шара соңы І.Омаров атындағы облыстық филармония әртістерінің  концерттік бағдарламасымен аяқталды.