31.10.2024ж.-01.11.2024ж. аралығында Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі «Тіл асыл – қазынам» атты Ұзынкөл ауданының 85 жылдық мерейтойына арналған «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» аймақтық семинар-тренинг өткізді.
Аталған іс-шарада орталық басшысы Т.А.Айтмағамбетованың тілдерді оқыту орталығының базасындағы «Қысқа мерзімді курстар» туралы баяндамасы тыңдалды. Оқытушы С.Т.Нұржанова В1 орта деңгейі бойынша «Бейімбет Майлин мұрасы» тақырыбында сабақ өткізіп, өз тәжірибесін ортаға салды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алған әсерлерімен бөлісіп, сертификаттар табысталды.