📌2024 жылдың 18 қазанында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен үш тілді қатар меңгерген жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында дәстүрлі «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Мэлс Бейбітұлы Әбдірахманов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға әр өңірден келген 15 үміткер қатысты. Үш кезеңнен тұратын іс-шарада қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейлерін көрсетіп, түрлі тапсырмалар орындады. Қазылар алқасы қатысушыларды шет тілінде сөздердің дұрыс айтылуы, жауаптардың толық және мазмұнды болуы мен берілген уақытын дұрыс пайдалануын есептей отырып, жеңімпаздарды анықтады.