Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген онлайн-дәріске қатысып, тәжірибе алмасты

2024 жылдың 6 қыркүйегінде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері және мемлекеттік тіл оқытушылары ZOOM-платформасы арқылы Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында академик Р.Сыздықтың 100 жылдық мерейтойына орай, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты мамандары мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген онлайн-дәріске қатысып, тәжірибе алмасты.
Дәрісті А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының тіл тарихы және түркология бөлімінің меңгерушісі А.А.Сейтбекова мен А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының тіл тарихы және түркология орталығының ғылыми қызметкері А.З.Бисенғали өткізді.