Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 22 тамызында «Жастар сарайы» ғимаратында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орайластырылған «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық байқауы өтті. Байқауға облыстың қалалары мен аудандарының 11 командасы құрамында 33 мемлекеттік қызметші қатысты. Байқауда қатысушылар төрт кезеңнен өтті:
✅бірінші кезең «Тұсаукесер»;
✅ екінші кезең – капитандар сайысы;
✅үшінші кезең «Конституцияны білесіз бе?»
✅ төртінші кезең–шығармашылық сайыс.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.
🥇Жүлделі І орынды Әулиекөл ауданынан келген «Ұлағат» командасы, 🥈 ІІ орынды Науырзым ауданынан «Рухты қыздар» командасы ие болды және 🥉ІІІ орынды Лисаков қаласының «Болашақ тобы» командасы иеленді. Командалар лайықты марапаттарға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!