«Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік өнімдері» тақырыбында тәжірибе алмасу кездесуі өтті

????2024 жылдың 21 мамырында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының басшыларымен «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік өнімдері» тақырыбында тәжірибе алмасу кездесуі өтті.
Кездесу барысында, облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының оқу-әдістемелік ресурстарымен (оқу бағдарламалары, оқу құралдары, оқу әдістемесі) таныстыру арқылы өзара тәжірибе алмасу, оқытуды біріздендіру жолдарын қарастыру, орталықтардың оқытушы-әдіскерлерінің шығармашылық ізденістерін ортаға салу мәселесі қозғалды.