Екі жұлдыз байқауының екінші кезеңі 2024 жылдың 10 мамырында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында тыңдаушылар арасында ұйымдастырылған «Достық әнін шырқайық» атты екі жұлдыз байқауының екінші кезеңі өтті. Байқауға қатысушылар 80-90 жылдардағы «Ана туралы жыр», абзал достардың әнұранына айналған «Армандастар», «Сен сұлу» халқымыздың сүйіп тыңдайтын ретро әндерін мемлекеттік тілде нақышына келтіре орындап, көріністер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Әділ қазылар үміткерлерге көрсеткен өнерлерінің шыңдала түскендерін айтып, соңғы кезеңге жолдама берді. Байқау үміткерлеріне үшінші кезеңде сәттілік тілейміз!
“Достық әнін шырқайық” атты “екі жұлдыз” байқауының екінші кезеңі өтті
